Қарағандыда екі ер адам кәсіпкерді ұрып-соққан - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда екі ер адам кәсіпкерді ұрып-соққан

Қарағандыда екі ер адам кәсіпкерді ұрып-соққан

Қарағандыда кәсіпкерге қарумен шабуыл жасаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 403
Фото - Caravan.kz

«6 қыркүйекте Қарағанды орталығындағы  автотұрақтардың бірінде екі ер адам 55 жастағы жеке кәсіпкерді ұрып-соққан. Олар кәсіпкерді тапаншаға ұқсайтын затпен қорқытып, ақшасын алмақ болған», — делінген хабарламада.

Қарағанды қ. ІІБ Орталық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары жедел-іздестіру шаралары барысында  38 және 25 жастағы екі күдіктіні ұстады.

«Ұсталғандар шабуыл жасағанын мойындады, дәйек заттар тәркіленді. Сонымен қатар олар бір күн бұрын ер адамды тонап, оның қол сағатын қолды еткенін айтты», — делінген хабарламада.


Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар