Қарағандыда екі жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда екі жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

Қарағандыда екі жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

Бүгін таңертең Қарағандыда екі жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Соның салдарынан 8 адамға медициналық көмек қажет болды. Бұл туралы облыстық ІІД жол полициясы басқармасынан хабарлады.

  • 4 Желтоқсан 2012
  • 277
Фото - Caravan.kz

Апат Бейбітшілік бульвары және Гоголь көшесінің қиылысында орын алды. №№ 43 және 29 маршрут автобустары соқтығысты.

«Орын алған жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 2 көлік жүргізушісіне және 6 жолаушыға медициналық көмек қажет болды. Абырой болғанда олар қатты зардап шекпеген. Бір автобус Жедел басқару орталығының камерасы орнатылған ағаш діңгегіне соғылған», — деп хабарлады ЖПБ-нан.
Алдын ала жасалған болжамдарға қарағанда, апат жол қозғалыс ережесін өрескел бұзған жүргізушілердің бірінің кінәсінен болған. Автобустардың бірі автопаркке, екіншісі айып тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.