Қарағандыда елес көрген ер адам өз анасын бауыздап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда елес көрген ер адам өз анасын бауыздап тастады

Қарағандыда елес көрген ер адам өз анасын бауыздап тастады

Қарағанды облысының Ұлытау ауылында ер адам өз анасын өлтіріп қойды.

  • 27 Шiлде 2018
  • 91
Фото - Caravan.kz

Мас күйіндегі ер адамға пышақ ұстаған адам елестеген. Ол есін жиғанда өз анасын пышақтап тастағанын біледі, деп жазады Liter.kz.

Ауданаралық сот төрешісі Қайрат Қасымовтың айтуынша, айыпталушы Дмитрий Соколов күні бойы достарымен ішімдік ішеді. Ол кезде анасы үй жинап, кір жуып, тамақ жасайды. Достары үйіне қайтып кеткен соң ұлының көзіне елес көре бастайды.

«Есік қасында пышақ ұстаған адам көрінді. Қорыққаннан шкафқа жүгіріп барым да, пышақ алдым. Қорғану үшін өзін пышақтай бастадым. Оны төсекте ұстап алған секілді көрінген. Оны пышақпен ұрдым. Еденге отырдым да, демімді бастым. Бір кезде қарасам, төсекте қансырап анам жатыр», – дейді ол.

Дәрігерлер айыпталушының алкогольдік дертімен ауыратынын айтты. Тустарының оны дер кезінде емдетпегені қынжылтады.


Ұлы жылап, анасын төсенішпен жауып қояды. Осы кезде үйіне әпкесі келеді. Ер адам болған жайтты баяндайды. Сосын екеуі полицияға барады. Анасының беті мен қолы бірнеше рет жарақаттанған.

Ер адам 10 жылға сотталды. Оны алкогольдіктен емдейтін болды.