Қылмыскерді құрықтау шарасын ҚР ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Қарағанды облыстық ІІБ қылмыстық полициясының және РФ Алтай Республикасы ІІМ ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырды.
Полицияның ақпаратына сәйкес, федералдық іздеуде жүрген қылмыскер жалған құжаттардың көмегімен Қарағанды облысында тұруға ықтиярхат рәсімдеп алған.