Қарағандыда газ баллоны жарылып, бірнеше адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда газ баллоны жарылып, бірнеше адам зардап шекті

Қарағандыда газ баллоны жарылып, бірнеше адам зардап шекті

Қарағандыда жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

  • 11 Желтоқсан 2022
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 9 желтоқсанда сағат 12.19-да Петрозаводская көшесіндегі Бөкейханов атындағы ауданда өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.

"Тұрмыстық газ баллонынан (50 литр) газ-ауа қоспасы шығып, 70 шаршы метр аумақта өрт тұтанған. Өрт сағат 13.07-де сөндірілді", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, департамент өрт салдарынан күйік шалып 1952 жылы туған ер адам, 1953 жылы туған әйел және 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.


Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар