Қарағандыда инспекторларға оқ жаудырудың мән-жайы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда инспекторларға оқ жаудырудың мән-жайы белгілі болды

Қарағандыда инспекторларға оқ жаудырудың мән-жайы белгілі болды

Браконьерлер инспекторлардың көлігіне екі рет оқ атып, белгісіз затты лақтырып жіберді

Қарағанды облысындағы "Ақ бөкен" күзет қорығының директоры Игорь Милосердов Sputnik Қазақстанға браконьерлердің инспекторларға оқ атқаны туралы айтып берді. "Ол жерде үш инспектор болды, нақтырақ айтар болсақ үш экипаж. Браконьерлердің көлігіне жақын болған көлік ең қатты зақымданды. Сол сәтте экипаж аумақты шолып жүріп, браконьерлерді анықтаған. Олардың ізіне түсіп, екі көлік шетпен кеткен, ал біреуі қуып жетті. Алдымен инспекторлық көліктің терезесіне екі рет атқан. Содан кейін көлікке қарай бензині бар пакет па шөлмек пе ұшты. Шыңнан олар көре алмаған. Көлік өртеніп кетіп, инспекторлар шығып үлгерді", — деді Игорь Милосердов.

  • 8 Маусым 2017
  • 300
Фото - Caravan.kz


Милосердовтың сөзіне қарағанда, өртенген көлік жөндеуге келмейді. Қазіргі уақытта қорық директоры Қарағанды облыстық ІІД, өз қызметкерлерінен түсінік жинап үлгерген. 8 маусым күні таңертең Қарағанды облысындағы "Ақ бөкен" табиғи қорығының аумағында инспекторлардың көлігіне оқ атты. Адамдар арасында зардап шеккендер жоқ. Кейіннен ІІД-де оқиға орнына Қарағанды облысы Ұлытау ауданының жедел тобы аттанған.