Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қарағандыда 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер үшін қоғамдық көлікте жүру тегін болмақ. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселені пысықтауды тапсырды. Бұл шара әсіресе көп балалы отбасылар үшін үлкен көмек", — делінген хабарламада.
Қарағандыда 7 мен 18 жас аралығында 110 мыңға жуық тұрғын бар екені көрсетілген.