Қарағандыда хайуанаттар бағы сатылымға қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда хайуанаттар бағы сатылымға қойылды

Қарағандыда хайуанаттар бағы сатылымға қойылды

Қарағанды билігі қаладағы хайуанаттыр бағынан бас тартып, жекенің қолына беруге әзір. Өйткені бақтағы хайуанаттарды бағып қағу өз алдына, жылдар бойы жөндеу көрмеген негізгі ғимарат қирауға айналған. Бірақ биліктегілер оның құрылысына бюджеттен қаражат жақын арада бөліну-бөлінбеуі екіталай дейді. 

  • 30 Қазан 2015
  • 278
Фото - Caravan.kz

1938 жылы салынған хайуанаттар бағында соңғы рет осыдан 6 жыл бұрын жөндеу жұмыстары жүрген екен. 2800 шаршы метр жерді құрайтын жабық ғираматтың қазір 2000 шаршы мерт жері жарамсыз жағдайда. Қабырығалары қақырап, едендері мен төбелері тесіле бастаған ғимаратты енді сылап сипай беруге болмайды екен. Сондықтан оны бұзып орнына жаңасын салу шешімі қабылданған. Бірақ хайаундардың қысқы тұрағы сол қалпы қалады деп сендіреді олар. Оның үстіне баққа 1-ші желтоқсанға дейін жеткілізуі тиіс хайуанаттарға да орын жайлы орын керек. Сондықтан, сол жерге ғана шұғыл түрде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Ирина Любарская, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-Дағдарыс салдарынан бюджеттен артық ақша бөле алмаймыз. Келесі жылы ғимарат бұзылады. Ал жаңасының қашан салынатыны белгісіз. Сондықтан қазір зообақты жекенің қолына жалға беру жайы да қарастырылып жатыр.  

Соңғы жаңалықтар