Жарияланды: 470

Қарағандыда халықаралық есірткі тасымалы арнасын жою барысында 177 килограмм героин тәркіленді

Қарағанды. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда халықаралық есірткі тасымалы арнасын жою барысында 177 килограммнан астам героин тәркіленді. Бұл туралы агетнтік тілшісіне Қарағанды облыстық ҰҚКД баспасөз хатшысы Александр Махлов хабарлады.

"Ресейдің есірткі айналымын қадағалау жөніндегі Федералдық қызметі мен Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі бірлесе жүргізген "Керуен" атты іс-шара барысында Қарағандыда есірткі өткізетін база жойылды. Есірткі трафигін ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылары ұсталды", - деді А. Махлов. Іс-шараның бірінші кезеңінде, 19 қыркүйекте Алматы - Астана тас жолында Қарағандыға кіреберісте 124 килограммнан асатын героин партиясы ұсталды. "Есірткі "Мерседес" автобусымен сарымсақ салынған қапта тасымалданған. Бұл есірткі бөлшектей оралып, Қарағанды, Астана, Алматы, Новосибирск пен Санкт-Петербургке жіберілуге тиіс болған", -деді А. Махлов. Сонымен бірге, 27 қыркүйекте шұғыл шараларды одан әрі жалғастыру барысында Қарағандыда қосымша 52 килограмм героин тәркіленді. Іс-шара нәтижесінде барлығы 177 килограмм героин заңсыз айналымнан алынды. "Сонымен біруақытта Шымкентте аталған қылмыстық топтың мүшелері болып табылатын басқа екі есірткі сатушы, Өзбекстан азаматтары ұсталды", - деді А. Махлов. ҰҚКД тергеу басқармасы бұл деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық ұсталғандар тергеу абақтысына тоғытылып, тергеу жүргізілуде. "Алматы мен Қарағанды облыстық ҰҚКД қызметкерлері де жұмылдырылған оперативтік комбинацияның арқасында Қарағанды облысының құқық қорғау органдары тарихында аса ірі есірткі партиясын тәркілеуге мүмкіндік туды", - деді А. Махлов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть