Жарияланды: 290

Қарағандыда халықаралық іс-шара нәтижесінде алынған 164 келі героиннің көзі жойылды

Қарағанды облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері 15 қаңтар күні «Транзит» халықаралық іс-шарасы барысында тәркіленген 164 келіден астам героин мен 44 келі гашишті жойды.

Есірткілер Қарағандының қазандықтарының бірінде отқа жағылды. Бірінші кезең аясында Ресейдің Кемерово қаласында көкөністер тиелген КамАЗ жүк көлігінде 83,5 келі героин табылды. Онымен бірге, есірткіні қабылдап алушы Қырғызстан азаматының тұрғылықты жерінен 9 келдіне артық героин тәркіленді. Одан әрі, «Транзит» операциясының екінші кезеңінде 2012 жылдың 12 желтоқсаны күні Қазақстанның арнайы қызметтері Қарағанды облысында Екатеринбор-Алматы тас жолында КамАЗ көлігін ұстады. Онда 200 келіден астам есірткі заттары - 164,5 келі героин және 44 келі гашиш табылды», - деп хабарлады ҰҚКД-нің қызметкері. Пияз салынған қапшықтарға есірткілері бар 100-ден астам полимерлі пакеттер жасырылған болып шықты. Онымен қоса, героин пияздың сабағынан да табылды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, барлығы осындай 505 пияз алынды, оның әрқайсысына 200 грамм героин жасырылған. «Тек Қарағанды облысының аумағында тәркіленген есірткі заттарының қара нарықтағы құны 7 млн. доллардан асып жығылады», - деді Д. Нұрмағамбетов. Аталмыш факті бойынша қазіргі уақытта 4 адам ұсталды - біреуі Қазақстанда, үшеуі Ресейде. «КамАЗ-дың жүргізушісі, Қазақстанның азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 259-бабы, 3-бөлімі, «в» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол Қарағанды облысы бойынша ҚР ҰҚКД-нің тергеу абақтысына қамалды», - деді Д. Нұрмағамбетов. Оның сөзіне қарағанда, есірткі арнасының басқа да қатысушыларын ұстау бойынша тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды, деп атап өтілді ведомстводан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін