Қарағандыда көппәтерлі үйде өрт шығып, бір адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда көппәтерлі үйде өрт шығып, бір адам зардап шекті

Қарағандыда көппәтерлі үйде өрт шығып, бір адам зардап шекті

Астана. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда көппәтерлі үйде өрт шығып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Тамыз 2008
  • 426
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы Әбдіров даңғылында тоғыз қабатты көппәтерлі үйде 14 тамызда сағат 10.22-де үй заттары өртеніп, оның арты үш балкондағы өртке ұласты. Соның салдарынан 60 жастағы ер адам көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 60 шаршы метр аумақтағы өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 6 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 34 адамының көмегімен 11 сағат 06 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар