Caravan Logo

Қарағандыда көппәтерлі үйде өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ

Қарағандыда көппәтерлі үйде өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 29 қазанда сағат 23.56-да Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы Полетаев көшесінде бес қабатты тұрғын үйде 500 шаршы метр аумақта үйдің шатыры өртенді. Құрбан болған және зардап шеккен ешкім жоқ. 141 адам сыртқа шығарылды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 15 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 53 адамының күшімен 00 сағат 27 минутта сөндірілді.