Қарағандыда көпқабатты үйге жылан өрмелеп шыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда көпқабатты үйге жылан өрмелеп шыққан

Қарағандыда көпқабатты үйге жылан өрмелеп шыққан

Пәтер иесі қала орталығында жыланның қайдан пайда болағына аң-таң

  • 25 Шiлде 2018
  • 66
Фото - Caravan.kz

  тұрғыны әлеуметтік желіде пәтерінен жылан шыққанын хабарлады.

Әйел Қарағанды қаласының орталығында тұрады екен, пәтерінен жылан табылғанына аң-таң болып отыр.

"Отбасыммен Н. Әбдіров көшесіндегі үйдің алтыншы қабатында тұрамыз. Бүгін таңертең әжем ас үйден жылан тауып алды, ол бірден пештің артына жорғалап кеткен. Аң-таң болғанымызды айтып жеткізе алмаймын! "112" нөміріне құтқару қызметіне хабарласып, болған жайтты айттым", — деп жазды әйел.

Оның айтуынша, келгенде жылан жоғалып кеткен. Олар кетіп қалған соң, ас үй шкафының астынан жылтырап көрінеді. Үй иелері құтқарушыларды күтпей, шкафты, пешті бері тартып, жыланды тауып алады.

"Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметті шақырып, бұл жолы жыланды көзден таса қылмай отырдық. Олар тез келіп, ұстап алды! Жылан ысылдап, айбат шегіп, шабуылдауға тырысты", — дейді Қарағанды тұрғыны.

Қазір жыланның улы ма, жоқ па екені анықталып жатыр. Болжам бойынша, даланың улы сұр жыланы сияқты.

 

Соңғы жаңалықтар