Қарағандыда Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай жыр мүшәйрасы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай жыр мүшәйрасы өтеді

Қарағандыда Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай жыр мүшәйрасы өтеді

28 наурызда Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында қазақ халқының аса көрнекті ақыны, Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай жастар арасында «Мен жастарға сенемін!» атты жыр мүшәйрасын өткізеді.

  • 28 Наурыз 2013
  • 445
Фото - Caravan.kz

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің қолдауымен, «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының және «Тіл және Рух» жастар басылымының ұйытқы болуымен өткізіліп отыр.

Мүшәйраның мақсаты — Ұлтымыздың ұлы ақыны, Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың өміршең шығармашылығын насихаттап, ұлттық поэзия арқылы жастарды рухани байлыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке, өршілдікке тәрбиелеу және жас ақындарды тауып оларға қолдау көрсету, көркем әдебиет пен тіл мәдениетін жандандыру.

Жыр мүшайрасына облыстың барлық аймақтарынан қырықтан астам үміткер туындылары келіп түсті. Ереже талабына сай таңдаулы 12 ақынның өлеңі іріктеліп алынады.

Жыр мүшәйрасына еліміздің және өңірдің белгілі ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері және жастар көрермен ретінде қатысады.

Перейти к новостям спорта