Қарағандыда мас жүргізуші жол полициясының машинасын қағып кетті; инспектор зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда мас жүргізуші жол полициясының машинасын қағып кетті; инспектор зардап шекті

Қарағандыда мас жүргізуші жол полициясының машинасын қағып кетті; инспектор зардап шекті

Қарағандыда жол полициясынан қашпақболған мас жүргізуші ұсталды.

  • 1 Маусым 2011
  • 305
Фото - Caravan.kz

«БМВ» жүргізушісі жол полициясы инспекторының тоқта деген бұйрығына бағынбай, жылдамдығын үдетіп қастарынан өте шығады. Экипаж бірден көлікті қуа жөнеледі», деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін оқиғаның куәгері Николай Прытков мәлімдеді.

Жол полицейлері көше қиылысында оны қуып жете бергенде ол күрт бағытын өзгертіп, басқа жаққа қашпақ болғады. Осы кезде «БМВ» көлігі полиция көлігіне соқтығысады. Бұдан соң жүргізуші көліктен шыға салып, аулаға қаша жөнеледі, алайда инспекторлар оны қуып жетеді.
«ИФ-Қазақстан» агенттігіне облыстық есірткіге қарсы диспансер мәлімдегендей, жол тәртібін бұзған 24 жастағы азаматтың орташа деңгейде мас екені анықталған.
Жол полициясы инспекторына да дәрігерлік көмек қажет болды. Ол екі көлік соқтығысқанда, басын соғып алған. Бас миы шайқалған полицей ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар