Ведомствоның мәліметінше, өрт 13:57-де шыққан. Зауыттағы екі өнеркәсіптік трансформатор (негізгісі 5,6 кВт және резервтегі 4 кВт) өртенді. Өрт нәтижесінде өндіріс тоқтатылды, делінген ақпаратта.
14:25-те өрттің жайылуы шектеліп, 15:29-ға толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 23 қызметкері мен 10 техникасы тартылды.
Жалын 120 м2 аумақты шарпыды.Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.