Қарағандыда мемлекеттік бағдарламамен үй алғандар шу көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда мемлекеттік бағдарламамен үй алғандар шу көтерді

Қарағандыда мемлекеттік бағдарламамен үй алғандар шу көтерді

Қарағандыда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып, тұрғындарға берілген үй адам тұруға жарамсыз. Сапасы былай тұрсын, баспанада жылу, су және жарық жоқ. Тұрғындар мұны барлық құжатты рәсімдеп болып, көптен күткен пәтерге қоныстанғанда бір-ақ біліпті. Енді не құрылыс компаниясынан, не әкімдіктен мардымды жауап ала алмай әр табалдырықты тоздырып жүр.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 428
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған мына үй пайдалануға осы жылдың басында берілуі тиіс болған. Сағызша созылған жұмыстар біткенде қала билігі үйді қабылдап алып, пәтер кезегін күткендерге кілттерін үлестірген. Алайда, баспананы көрген бетте жұрттың қуанышы су сепкендей басылды. Есік, терезесі алқам-салқам, бетон үстіне тасталған төсеніші биттің қабығындай. Мұнысына да шыдар едік, ең болмағанда жылуы мен жарығы қосылғанда дейді тұрғындар. Құрылысшылар қаражатымыз жоқ деп құтылса, биліктегілер төбе көрсетпейді екен.

Айман Мейірбекова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

— Менің ақшам бүгін түсу керек ЖКХ-ға, ақшам түсті ма енді олар есікті жабады. Мен телефо шаламын, не істеймін, жарық жоқ , анау жоқ деп, енді тұтқаны да көтермейді.

Дәл осы құрылыс нысаны осы көктемде бұрынғы қала бастығының сынына ұшыраған еді. Сол кезде-ақ шаш етектен келген кемшіліктер құрылыс компаниясының бетіне салық боп басылған.


Бірақ бұрынғы әкімнің сөзі айтылған жерінде қалған. Жыртық үйді қабылдап алып, елді зар жылатқан қазіргі қала билігі қандай да түсінік беруден бас тартып отыр. Тұрғындарды да маңайлатпаған. Бір қызығы, бүгінгі қала әкімі Мейрам Смағұлов осыған дейін мемлекетік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлер құрылысын қадағалайтын облыстық құрылыс және сәулет басқармасын басқарып келген.