Қарағандыда нан бағасының бірден 11 теңгеге қымбаттауы жұртты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда нан бағасының  бірден 11 теңгеге қымбаттауы жұртты шошытты

Қарағандыда нан бағасының бірден 11 теңгеге қымбаттауы жұртты шошытты

Қарағандыда да нан бағасы күрт қымбаттап кетті. Осыған дейін 47 теңгеден сатылып келген әлеуметтік нанның бағасы 58 теңгеге бір-ақ шарықтаған.

  • 7 Қараша 2015
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұған, қазына қаражатының жұқаруы себеп. Осыған дейін мемлекет наубайханаларға сатып алатын бидайдың әр тоннасына 12 мың 500 теңгеден субсидия бөліп келген екен. Осы күзде субсидия көлемі 2 жарым мың-ақ теңге болыпты. Соның салдарынан шығынға шаш етектен баттық деген наубайханашылар дүкендерге өткізілетін нан бағасын көтеріп отыр. Қазір сөрелердегі ең арзаны баға 53 теңге, кейбір дүкендер ас атасын 58-ден сатып жатыр. Шенеуніктер нан пісіретіндер мен сататындардың әрекетіне тосқауыл бола алмайтындарын жасырмайды. Тіпті келер жылы әлеуметтік нан атаулы болмауы мүмкін дегенді де айтты.

Сағынжан Апақашов, Қарағанды облыстық Ауылшарушылығы басқармасы басшысының орынбасары :

-Шығындарын жабу үшін әрбір тоқсан сайын субсидия бөлініп келді. Бірақ субсидялар төмендеп келе жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша мына жаңа жылдан бастап нанды босатып қоя беретін шығармыз

Соңғы жаңалықтар