Қарағандыда өлі күйінде табылған жігіттің ісі арнайы прокурорға тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда өлі күйінде табылған жігіттің ісі арнайы прокурорға тапсырылды

Қарағандыда өлі күйінде табылған жігіттің ісі арнайы прокурорға тапсырылды

Гараж массивінде оқ жарақатын алған жігіттің өлі денесі табылған, жанында мылтық жиегі мен өлім алдында жазған хаты болды

  • 28 Шiлде 2017
  • 357
Фото - Caravan.kz

Өлі күйінде табылған Қарағанды тұрғыны Ардақ Жұмкешовті өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша тергеу ісі арнайы прокурорларға тапсырылды, деп хабарлайды бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов.

"Жұмкешов Ардақтың ісі бойынша: Жұмкешовті өзі-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша тергеу ісін Қарағанды облысы прокуратурасы жүргізеді. Облыстық прокуратура басшылығы Ардақ Жұмкешовтің өлімі дерегі бойынша қылмыстық істі арнайы прокурорларға тапсыру шешімін қабылдады. Қайтыс болған азаматтың отбасына көңіл айтамыз", — деп жазды Қожахметов Facebook парақшасында.

Бұдан бұрын Меруерт Жұмкешова әлеуметтік желідегі парақшасында жалғыз ұлы Ардақтың денесі гараждар маңында табылғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, ұлы бөлмесінде хат жазып қалдырып, өліміне полиция қызметкерлерінің кінәлі екенін айтыпты. Әйел адам ұлының денесінде көгерген жерлер мен ұру-соғу белгілері бар екенін жеткізді.

ІІД өз кезегінде хабарлағандай, сағат түнгі 12 кезінде Михайлов бөлімінің қылмыстық полиция бөлімшесі басшысы еңбек демалысында жүріп, көшеден жол қозғалысы ережесін бұзған көлікті байқап алады. Көлікті тоқтатқан соң, полицей жүргізушіге ескерту жасаған. Ал ол болса полиция қызметкерін балағаттап, артынша қол көтереді.


Құқық бұзушы Михайлов полиция бөлімшесіне жеткізіліп, әкімшілік хаттама толтырылады, ал көлігін тұраққа қалдырады. Кейін "Бұзақылық" бабы бойынша дерек жинақталып, жігіттен келу туралы міндеттеме алып, үйіне қоя береді. Алайда келесі күні Жұмкешовтің денесі оқ жарақатымен гараждар маңында табылған. Оқиға орнында мылтық жиегі мен хат болыпты.

ҚР ҚК 99-бабы 105-бапқа (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) өзгертіліп, сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.