Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Ер адамның денесі 11 шілдеде таңғы уақытта "Қарағанды-Сортировочная" станциясының маңынан табылған. Кейінірек мәйіттің 1 шілдеде із-түссіз жоғалып кеткен ер адамға тиесілі екені анықталды. "Шамамен сағат 09.00-де Қарағанды қалалық ІІБ Октябрь аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала орталығында орналасқан өткелдің аумағында адам мәйітінің ағашқа ілініп тұрғаны жайлы хабарлама келіп түсті", — делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында. Сондай-ақ, полиция өкілдері бұл деректің сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелгенін айтты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды