Департамент жалпы алғанда 560 репатриант отбасына арнап үйлер мен пәтерлер сатып алуды көздеп отыр.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 110 млн. теңге бөлінген.
Қарағандыда оралман отбасылар үшін коммуналдық меншікке пәтер сатып алуға арналған тұңғыш тендер өткізілді. Қарағанды облыстық коммуналдық меншік департаменті басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлауынша, тендерлік байқауға жеке тұлғалардан 53 өтініш түскен. Байқаудың басты шарты - тұрғын үй ахуалының жақсылығы мен коммуналдық қызмет үшін берешектің жоқтығы болып табылады.
Департамент жалпы алғанда 560 репатриант отбасына арнап үйлер мен пәтерлер сатып алуды көздеп отыр.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 110 млн. теңге бөлінген.