Қарағандыда өрт салдарынан жеті отбасы баспанасыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда өрт салдарынан жеті отбасы баспанасыз қалды

Қарағандыда өрт салдарынан жеті отбасы баспанасыз қалды

Қарағандыда 8 пәтерлі тұрғын үйдегі өрт салдарынан жеті отбасы баспанасыз қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Ақпан 2005
  • 453
Фото - Caravan.kz

Өрт 13-ақпанда 20 сағат 31 минутта қаланың Октябрь ауданындағы барак үлгісіндегі үйлердің бірінде шыққан. Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жаудың кесірінен 7 пәтер зардап шекті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өрт 23 сағат 21 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 45 адамы жұмылдырылды.
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес жеті отбасы баспанасыз қалды. Қазір олар туыстарының үйіне уақытша орналастырылған.

Перейти к новостям спорта