Жарияланды: 430

Қарағандыда өрт сөндірген кезде екі жасөспірімнің мәйіті табылды

Қарағандыда болған бір өртті сөндірген кезде 15 жастағы екі жасөспірімнің мәйіті табылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өрт 4-қаңтар күні кешкісін шыққан. Агенттік ақпаратына сәйкес, көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінде 50 шаршы шақырымды алып жатқан ортақ дәліздің едені мен екі пәтердің кіре беріс есігі өртенген. Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 37 адамы жұмылдырылды. Өрт бір сағаттың ішінде өшірілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін