Қарағандыда пара алғаны үшін ҚР Қаржы министрлігі көшпелі комиссиясының төрағасы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда пара алғаны үшін ҚР Қаржы министрлігі көшпелі комиссиясының төрағасы ұсталды

Қарағандыда пара алғаны үшін ҚР Қаржы министрлігі көшпелі комиссиясының төрағасы ұсталды

Қарағандыда 4,6 млн. теңге сомасында пара алғаны үшін ҚР Қаржы министрлігі республикалық көшпелі комиссиясының төрағасы,

  • 9 Қараша 2015
  • 431
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысы қаржылық бақылау инспекциясының басшысы Қанат Төреқожаев ұсталды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 7 қарашада ҚР Қаржы министрлігі республикалық көшпелі комиссиясының төрағасы, Жамбыл облысы қаржылық бақылау инспекциясының басшысы Қанат Төреқожаевқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бюджет қаражатының жұмсалуы мен облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алуды өткізуін тексеру нәтижесі бойынша мәселені оң шешіп бергені үшін лауазымды тұлға «Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бас есепшісінен сомасы 4,6 млн. теңге пара алғаны анықталды, — делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта ол Қарағанды қаласы ІІБ УҰО-ға қамалды.

Соңғы жаңалықтар