Жарияланды: 320

Қарағандыда пәтер үшін кісі өлтірмек болған келіншек ұсталды

Қарағандыда кісі өлтіруге тапсырыс берді деген күдікпен 36 жастағы келіншек қолға түсті.

«Келіншек пәтер үшін соттасып жүрген адамды өлтірмек болған. Киллер тауып, оған 5 мың доллар беруге уәде етіпті. Бірақ, ол киллер деген адамның полиция қызметкері екенін білмеген», - дейді облыстық прокуратура қызметкері. Оның айтуынша, қылмыс жасалатыны туралы полицейлерге әйелдің танысы хабарлаған. Киллер рөлін ойнаған полицейге 25 мың доллар табыс еткен тапсырыс беруші қалғанын жұмысты орындағаннан кейін беруге уәде етіпті. «Киллер» мәйітті суретке түсіріп, пәтердің кілтін әкеліп берген. Полицейлер даулы пәтердің иесін де «өлінің» рөлін ойнауға көндіріпті. Дүйсенбі күні киллерге уағдаласқан соманы әкеп берген әйел қолға түсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін