Қарағандыда пәтер үшін кісі өлтірмек болған келіншек ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда пәтер үшін кісі өлтірмек болған келіншек ұсталды

Қарағандыда пәтер үшін кісі өлтірмек болған келіншек ұсталды

Қарағандыда кісі өлтіруге тапсырыс берді деген күдікпен 36 жастағы келіншек қолға түсті.

  • 6 Қараша 2012
  • 312
Фото - Caravan.kz

«Келіншек пәтер үшін соттасып жүрген адамды өлтірмек болған. Киллер тауып, оған 5 мың доллар беруге уәде етіпті. Бірақ, ол киллер деген адамның полиция қызметкері екенін білмеген», — дейді облыстық прокуратура қызметкері.

Оның айтуынша, қылмыс жасалатыны туралы полицейлерге әйелдің танысы хабарлаған.
Киллер рөлін ойнаған полицейге 25 мың доллар табыс еткен тапсырыс беруші қалғанын жұмысты орындағаннан кейін беруге уәде етіпті. «Киллер» мәйітті суретке түсіріп, пәтердің кілтін әкеліп берген. Полицейлер даулы пәтердің иесін де «өлінің» рөлін ойнауға көндіріпті.
Дүйсенбі күні киллерге уағдаласқан соманы әкеп берген әйел қолға түсті.

Соңғы жаңалықтар