Қарағандыда полицейлер өртеніп жатқан пәтерден әйелді баласымен құтқарып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда полицейлер өртеніп жатқан пәтерден әйелді баласымен құтқарып қалды

Қарағандыда полицейлер өртеніп жатқан пәтерден әйелді баласымен құтқарып қалды

Қарағандыда жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызыл өртке оранған пәтерден кішкентай қызымен әйелді құтқарып қалды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

  • 15 Қазан 2014
  • 318
Фото - Caravan.kz

«ЖПҚ экипажына Қарағандының 17-ші шағынаудандағы пәтерлердің бірі өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түсті. Құрамында взвод командирінің орынбасары полиция аға лейтенанты Әсет Ахметов, полиция сержанты Ерсін Әбікеев, полиция кіші сержанты Ержан Оңғарбай бар автопатруль оқиға орнына шұғыл жетті.

Полицейлер, есікті сындырып көк түтінге оранған үйге кіріп, иіс тиген әйел мен оның бес жасар қызын аман алып шықты», — делінген хабарламада.

Құтқарылғандарды полицейлер жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.


 «Әйел төсек-орнын жуып кептіргішке іледі, тезірек кептіру үшін астына жылытқыш қояды. Заттың бірі аспапқа түсіп, өрттің шығуына себеп болған. Бұл уақытта үй иесі мен қызы ұйықтап жатқан», — деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметінен.