Қарағандыда қала билігі қарияларды баспанадан айырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда қала билігі қарияларды баспанадан айырды

Қарағандыда қала билігі қарияларды баспанадан айырды

Қарағандыда қала билігі қариялардың үйін тартып алып, жетімдерге баспана етіп берген. Кезінде жылу мен жарықсыз қалған үйді тастап кеткен кейуаналар араға бірнеше жыл салып қайта оралғанда баспанасына кіре алмапты. Арызданып сотқа жүгінгенімен, әкімдіктегілер үй заңсыз жекешелендірілген деген желеумен бет қаратпаған. Осыған ұқсас жағдай тағы бір қариялардың басына бар. Пәтер алаяқтарына алданған Канайкиндер отбасы қазір көліктің ішінде тұрып жатыр.

  • 2 Қараша 2012
  • 283
Фото - Caravan.kz

Көбқабатты мына үйдің бірінші подьезінен 99-шы жылы тұрғындардың барлығы басқа жаққа көшіріліп, есік терезелері бектілген. Тар заманда үйді толықтай жылу және жарықпен қамтамасыз ету мүмкін болмағасын. Сол көштің ішінде ағайынды Любовь жене Галина Горовыхтер де бар. Енді заңды баспананы қайтару мәселесіне келгенде әкімдік пен сот арасында сергелдеңмен жүр.  

Галина Горовых Қарағанды қаласының тұрғыны:

Алғашында пәтерді қараусыз тастадыңдар деген әңгіме айтты. Кейін сотқа шағымданғанымызда тіпті, біз пәтер қожайындары болмай шықтық. Пәтерді сатқан адам заңсыз жекешелендірді жеген желеумен. Қайта арызданып едік іс мүлдем қаралмай тастады. Соңғы рет соттан итеріп шығарып жіберді.

Ал әкімдіктің жауабы біреу. Шындығы болса сотта дәлелдесін. Бос үйді жөндеп, жетімдерге пана болдық, қарттарда шаруамыз жоқ деп отыр.


Роза Алпысбаева Қарағанды қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы:

Сот шешімімен пәтер мемлекет меншігіне өткен. Біздің қолымыздан қазір ешнәрсе келмейді. Сотқа жүгінсін.

Ал, Канайкиндер отбасы да қаладан пәтер аламыз деп далада қалды. Жиған тергенін пәтер алаяқарына ұстата салған. Өзімізге де обал жоқ дегендерімен, енді тығырыққа тірелген отбасы жалғыз көліктерін пана етіп отыр.

Надежда Канайкина Қарағанды қаласының тұрғыны:

—  Қайда барарымызды білмейміз. Мүгедек ұлымызды таныстарымызға орналастырдық. Өзіміз осылай күнелтеміз енді. Басқа жазғаны осы болса.

Тағдырдың тәлкегіне түскен шал-кемпірлер ауыр күрсініп қана күнелтуде. Ал қариясы қаңғырған Қарағанды билігі қолдан келер қайран жоқ деп қана қарап отыр.

Соңғы жаңалықтар