Жарияланды: 380

Қарағандыда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі аялдамаларда хабарландырулар ілген ұйымдардың үстінен сотқа арыз түсірді

Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі экономикалық сотқа автобус аялдамаларында хабарландыру ілген ұйымдардың үстінен арыз түсірді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұл ұйымдар рейд барысында анықталды. Хабарламада атап өтілгендей, бюджеттік қаражатқа салынған күту павильондары қалалың коммуналдық меншігінде. Оларды жарнамадан тазартуға бюджеттің ақшасы жұмсалады. «Сметалық есептеулер бойынша, күту павильонының 1 шаршы метрін санитарлық тазалау бағасы 2 655 теңгені құрайды», - деп атап өтіледі хабарламада. Бұдан басқа, хабарландыру ілу эстетикалық түрді бұзады - осылайша коммуналдық меншікке моральдық шығын келтіріледі, деп есептейді қала билігі. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің мәліметтерінше, сотқа 4 ұйымға қатысты арыздар берілді. Жауап берушілердің қатарында мейрамхана, банк, цирк және балалар мен жасөспірімдер сарайы бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін