Қарағандыда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі аялдамаларда хабарландырулар ілген ұйымдардың үстінен сотқа арыз түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі аялдамаларда хабарландырулар ілген ұйымдардың үстінен сотқа арыз түсірді

Қарағандыда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі аялдамаларда хабарландырулар ілген ұйымдардың үстінен сотқа арыз түсірді

Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі экономикалық сотқа автобус аялдамаларында хабарландыру ілген ұйымдардың үстінен арыз түсірді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 371
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұл ұйымдар рейд барысында анықталды.

Хабарламада атап өтілгендей, бюджеттік қаражатқа салынған күту павильондары қалалың коммуналдық меншігінде. Оларды жарнамадан тазартуға бюджеттің ақшасы жұмсалады. «Сметалық есептеулер бойынша, күту павильонының 1 шаршы метрін санитарлық тазалау бағасы 2 655 теңгені құрайды», — деп атап өтіледі хабарламада.

Бұдан басқа, хабарландыру ілу эстетикалық түрді бұзады — осылайша коммуналдық меншікке моральдық шығын келтіріледі, деп есептейді қала билігі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің мәліметтерінше, сотқа 4 ұйымға қатысты арыздар берілді. Жауап берушілердің қатарында мейрамхана, банк, цирк және балалар мен жасөспірімдер сарайы бар.