Ала таяқ ұстанған жеке құрам инспекторларының шыдамдары таусылып, бастықтарының үстінен ұжымдық арыз түсірген еді. Құлқындары кең қос полицей бірден қамауға алынғанымен бүгін кепілдікке ақша беріп, тергеу аяқталғанша бостандықта жіберілді. Екеуі де ішкі істер органдарында талай жыл қызмет атқарғанымен, ешбірінің атында жетіскен дүние-мүлік жоқ. Ерғабыл Жүкеновтың Астанада жалғыз пәтері бар екен. Бірақ оның өзі кепілде тұр. Ал Айтпай Сыздықовтың меншігінде жер үй мен гаражы ғана тіркеліпті. Қазір алаяқтық бабы бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр.