Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің табысы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің табысы белгілі болды

Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің табысы белгілі болды

Вице-премьер Тамара Дүйсенова Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің жалақысын жариялады. 
 

  • 31 Қазан 2023
  • 87
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Олардың табысы туралы деректерді Отбасының цифрлық картасы арқылы қарадық. 300 мыңнан 1,6 миллион теңгеге дейін, өйткені олардың арасында жас қызметкерлер, жұмысқа енді орналасқандар бар. Сондықтан, жалақыда осындай айырмашылық бар. Біліктілігі мен атқарған жұмысына қарай", — деді Дүйсенова үкімет брифингінде.
 

Ол кеншілердің жалақысын көтеру мәселесі жыл сайын қаралатынын айтты.

"Олардың ұжымдық шартында жұмыс көлемін жүзеге асырғаны үшін тиісті қосымша төлемдер қарастырылған. Былтырлары — инфляция деңгейінде, содан кейін өндіріс көлемі тұрғысынан қарастырылды", — деді премьер-министр орынбасары.