Қарағандыда Қазақ Түрік лицейінен үлкен жанжал шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда Қазақ Түрік лицейінен үлкен жанжал шықты

Қарағандыда Қазақ Түрік лицейінен үлкен жанжал шықты

Қарағандыдағы Қазақ Түрік лицейінің төменгі сынып оқушылары ересек балалардан әлімжеттік көргендерін айтып шағымданды. Үлкендер тіпті, биыл ғана лицей табалдырығын аттағандарды көк ала қойдай қып сабап, айтқандарын істетуді дәстүрге айналдырыпты.

  • 6 Қазан 2015
  • 256
Фото - Caravan.kz

Мына 7-ші сынып оқушыларының бәрі тепкіден кейін көкала қойдай болып жүр. Лицейде кеше түнде жасалған бұл бейнетүсірілімді ата-аналар бүгін ғаламторға жария еткен. Балалардың айуынша, жоғарғы сынып оқушылары бұларды ұрып-соғып, әрқайсысына салық салады екен. Ал стриптиз билеп берсе, бір апта соққыдан босататын да ереже орнатыпты. Көнбегендері оңбай таяқ жейді. Жәбір көрген оқушылардың ата-аналары әлімжеттік жасайтындардың тізімін де жасап алған. Олар өңкей шенді -шекпенділердің ұлдары дейді. Жұрт жиналып басшылықтың түсініктемесін талап еткенімен лицей директоры қарасын көрсетпей жүр екен.   

Соңғы жаңалықтар