Қарағандыда Қазақстан журналистерінің III Конгрессінің бағдарламасы бекітіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда Қазақстан журналистерінің III Конгрессінің бағдарламасы бекітіледі

Қарағандыда Қазақстан журналистерінің III Конгрессінің бағдарламасы бекітіледі

Бүгін, 19-қаңтарда Қарағандыда Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитетінің көшпелі мәжілісі басталады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қаңтар 2004
  • 436
Фото - Caravan.kz

Атқару комитеті мүшелерінің қатысуымен өтетін жабық отырыста ақпан айының орта шенінде Атырауда ұйымдастырылады деп межеленген Қазақстан журналистерінің III Конгрессіне қатысты мәселелер талқыланады. Онда Конгреске арқау болатын басты тақырып бекітіліп, еліміздің әрбір аймағынан оған қатысушылар құрамы айқындалады. Сондай-ақ, журналистер Конгрессінің сыйлығына аты ұсынылған үміткерлер тізімі бекітіледі.

Қазақстан журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың хабарлауынша, жабық отырыста «Время» газетінің журналисі Геннадий Бендицкийге қатысты мәселе міндетті түрде талқыланып, арнайы мәлімдеме қабылданады. «Кейбір жекелеген БАҚ-тарда журналистер одағы бұл мәселеден қашқақтап отыр деген ақпарат таратылды. Бірақ шын мәнінде жағдай мүлдем ондай емес деп мен тура мәлімдеймін»,- деді С.Матаев.
Бүгін түстен кейін атқару комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған өкілдер Теміртауға ат басын тіреп, «Испат-Кармет» ААҚ, «Испат-сфера» телерадиокомпаниясы, металлургиялық институт және тау шаңғысы кешені тәрізді орындарда болады. Кешкісін қонақтарды Теміртау қаласының әкімі Балдырған Мусин қабылдайды. «Асар» партиясының лидері ретінде Д.Назарбаева Теміртау қаласында партияның белсенді мүшелерімен кездеседі.
20-қаңтар, сейсенбіде Қазақстан журналистері конгрессі атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өткізіледі. Оған жергілікті БАҚ-тардың 100-ден астам өкілдер шақырылған . Кездесуге қатысушылар журналист мамандарды дайындау, аудандық баспасөз тауқыметтері сынды өзекті тақырыптарға тоқталады. Сондай-ақ, Д.Назарбаева Қарағанды қаласында да аялдап, «Асар» партиясының белсенділерімен жүздеседі.

Соңғы жаңалықтар