Қарағандыда салынып жатқан қонақүй кешенінің күзетшілері үш жасөспірімді ұрлық жасады деп, соққыға жықты "Новый Вестник".
Оқиға 27 сәуірде болған. Жасөспірімдердің ата-аналарының айтуынша, 14 жастағы Анатолий Быков, 15 жастағы Аслан Сталов және 16 жастағы Алексей Ревков үй артындағы қоршаудың жанында отырған. Сол жерде қонақүй кешені салынып жатыр. Қоршаудың арғы жағында құрылыс қоқыстары датқан.
"Онда қоршау бар, құрылыс жүріп жатыр және темір-терсек шашылып жатыр, — деп түсіндірді жасөспірімдердің бірінің әкесі Сергей Быков. — Балалар былай дейді: "Біз темір-терсектің арасынан бір жіңішке құбырды алып, аулада белтемір орнатқымыз келді". Олар ештеңе істеп үлгермеген. Олар қоршауда шығып, сол темірге қарап тұрған. Сол мезетте мекеменің күзетшілері шығып30-40 жастағы бес алты ірі денелі жігіттер шығып, оларды соққының астына алған. Оларды ұрлықшы деп айыптады". Куәгерлердің бірі оқиға орнына полиция мен жедел-жәрдем шақырған. Олар келгенше, кешеннің күзетшілері балаларды құрылыс алаңына алып кеткен. Үш баланы да ауруханаға алып кеткен. "Алексейдің мойнында қылқындыру іздері бар. Оның миы шайқалған, ішкі ағзасына зақым келген. Сонымен қатар бүйрегі соққыдан түсіп кеткен. Ол барлығына қарағанда қатты таяқ жеген. Ол ең үлкені болғасын, оны көп ұрған", — дейді Ирина Ревкова.
Тағы екі жасөспірімнің миы шайқалған және жарақаттар алған. Балалардың ата-анасы полицияға арыз берген. Қонақүй күзетшілерін қамауға алған. Олар ата-аналардың жазған арызына, балалардың осы құрылыс алаңынан заттарды жиі ұрлайтынын айтып, арыз берген. Қарағанды облыстық ІІД-і полицейлердің "Эдем" қонақүй кешенінің күзетшілері кәмелет жасына толмаған балаларды ұрып, соғу дерегіне қатысты тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Ұрлық" және "Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру" баптары бойынша іс қозғалған. Соңғы бап бойынша 25 жастағы күзетші мен 49 жастағы жеке кәсіпкерге айып тағылған.