Жарияланды: 180

Қарағандыда қоқыс жәшігін ұрлайтын сұғанақ видеоға түсіп қалды

Қарағандыда жұрт демалатын саябақтардағы қоқыс жәшіктері мен орындықтарды қолды қылған азамат ұсталды. Ол тапа-тал түсте, жүк көлігімен гүлзарларға кіріп, орнатылған дүниелерді жинап әкете берген.

Мына кадрлерде орындықтар мен жәшіктерді жүк көлігіне жайбарақат тиеп жүрген адам анық көрініп тұр. Ол өзін маңайдағы жұртқа әкімдіктің қызметкерімін деп таныстырыпты. Орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қысқы аяздан бүлінбеуі үшін қоймаға жинап жатқанын да жеткізген. Бірақ секем алған тұрғындар полицияға хабар беріпті. Сөйтіп, 30 жастағы азаматтың ұрлық жасап жүргені анықталған. Айласы аяғына дейін іске аспаған ұры соның өзінде 43 орындық пен 22 қоқыс жәшігін әкетіп үлгерген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін