Қарағандыда ҚР кедендік бақылау агенттігінің жаңадан құрылған талдау басқармасының тұңғыш республикалық семинар-кеңесі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 530.12
  • 546.08
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда ҚР кедендік бақылау агенттігінің жаңадан құрылған талдау басқармасының тұңғыш республикалық семинар-кеңесі өтті

Қарағандыда ҚР кедендік бақылау агенттігінің жаңадан құрылған талдау басқармасының тұңғыш республикалық семинар-кеңесі өтті

Бүгін, 19-ақпанда Қарағандыда ҚР кедендік бақылау агенттігінің жаңадан құрылған талдау басқармасының ұйымдастыруымен тұңғыш республикалық семинар-кеңес өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Ақпан 2004
  • 420
Фото - Caravan.kz

ҚР кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары Бауыржан Әбішевтің айтуына қарағанда, кеңесті өткізуде кедендік мекеменің қызметіне талдау жасаудың басым бағыттарын айқындау мақсаты көзделді. Жаңа бөлімше «барлық деңгейдегі кедендік құрылымдардың жұмысына әлемдегі экономикалық ахуалға байланысты, ал болашақта негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде талдау жасап, жаңаша кедендік әкімшілік әдістемелері мен нұсқаулар әзірлеу» міндеттерін атқарады.

Жаңа басқарма мамандарының пікірінше, сауатты талдамалық мониторинг — қазіргі нақты ахуал мен болашаққа жасалған нақты болжамның қазіргі басты құрамдас бөлігі болмақ.
2003-жылы республикалық бюджетке кедендік төлемдер мен салықтар есебінен 198,5 млрд. теңге құйылды. Бұл жалпы республикалық бюджет кірісінің 19 процентін құрайды. 2004-жылы еліміздің кедендік мекемелері 217 мрд. теңге көлемінде төлемдер мен салықтар жинағалы отыр.