Телеарна ақпаратына сәйкес, кәсіпорын басшылығы бірнеше ондаған адамды ақысыз демалысқа жіберген.
"Құрылыс дағдарысы шағын зауыттағы брусчатка секілді құрылыс материалдарының өндірісін тиімсіз етті, кәсіпорын өніміне биыл сұраныс кү.рт азайып кеткен", - деп хабарлайды телеарна.
"Тауар сатылмай жатыр. Жалақыны қанша уақыт күтетінін жұмысшылар да, әкімшілік те білмейді. Жұмысшылардың айтуынша, басшылық қазір қызметкерлермен сөйлесуден жалтаруда. Олар мүмкін соңғы рет сот залында кездесетін шығар", -дейді телеарна тілшісі.