Қарағандыда қылмыстық іздестіру қызметінің құрылуына 85 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда қылмыстық іздестіру қызметінің құрылуына 85 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар өтті

Қарағандыда қылмыстық іздестіру қызметінің құрылуына 85 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар өтті

Қарағанды облыстық ІІББ-да қылмыстық іздестіру бөлімінің құрылуына 85 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар аясында ардагер тыңшылармен кездесулер өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Қазан 2003
  • 696
Фото - Caravan.kz

Ардагерлермен кездесуде Қарағанды облыстық ІІББ қылмыстық полициясының бастығы Юрий Лукьяненко жыл басынан бері 5,5 мың қылмыстың бері ашылғанын хабарлады. Осы мерзімде қызмет бабындағы міндетін атқару барысында полицияның үш қызметкері қайтыс болған. Олардың арасында Топар аудандық ІІБ-ның қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы, капитан Алданыш Тайғожин бар. Ол осыдан бір ай бұрын қауіәпті қылмыскерлерді ұстауға бағытталған операцияны жүзеге асыру барысында мерт болды.

Салтанатты жиында офицерлер мерт болған әріптестерін бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Сол күні Қарағанды облыстық қылмыстық іздестіру қызметінің 15 қызметкері «Ішкі істер қызметіндегі үздік еңбегі үшін» деген төс белгімен марапатталды. Марапатталғандардың арасында марқұм А.Тайғожин де бар.
Жас буын өкілдері қаза болған полиция қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Соңғы жаңалықтар