Қарағандыда "Сарыарқа әуежайы" АҚ-ның мемлекеттік акциялар қоржынын сатуға арналған тендер өткізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда "Сарыарқа әуежайы" АҚ-ның мемлекеттік акциялар қоржынын сатуға арналған тендер өткізілмек

Қарағандыда "Сарыарқа әуежайы" АҚ-ның мемлекеттік акциялар қоржынын сатуға арналған тендер өткізілмек

Қарағанды облыстық коммуналдық меншік департаменті "Сарыарқа әуежайы" АҚ-ның мемлекеттік акциялар қоржынын сатуға арналған биылғы үшінші тендердің мерзімін 29-шілдеге белгіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Сөйтіп Қарағанды әуежайы биыл үшінші мәрте сауда-саттыққа салынып отыр.

  • 30 Маусым 2003
  • 705
Фото - Caravan.kz

Акциялар пакетінің құны бастапқы 600 млн. теңге қалпында қалтырылды. Инвестициялық тендерде екі жыл ішінде 4 млрд. теңге шамасында қаржы салуға есептелген 12 көрсеткішті инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру қарастырылған. Инвестициялық бағдарламаға ұшу жолағын реконструкциялап күрделі жөндеуден өткізу, уақытша жүк сақтайтын қоймалар салу, ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және диспетчерлік басқару аппаратурасын жаңалау тәрізді міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс тапсырмалар қамтылған.

Бұл осы мақсатта үшінші мәрте өткізіліп отырған сауда-саттық шарасы болғандықтан белгіленген тәртіп бойынша, оған бір ғана қатысушы келген жағдайда да сауда -саттық қайткенде өткізіледі деп күтілуде. Осындай баламасыз тендерде бір ғана тапсырыс беруші болса жетіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар