Жарияланды: 450

Қарағандыда сауда үйінде 160 шаршы метр аумақта өрт шықты

Астана. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда сауда үйінде 160 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының Ерубаев көшесінде үш қабатты "Азат" сауда үйінде 3 қарашада сағат 20.55-те 160 шаршы метр аумақта екінші қабатта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 10 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 43 адамының көмегімен 22 сағат 34 минутта сөндірілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін