ТЖМ ақпаратына сәйкес, Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының Ерубаев көшесінде үш қабатты «Азат» сауда үйінде 3 қарашада сағат 20.55-те 160 шаршы метр аумақта екінші қабатта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 10 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 43 адамының көмегімен 22 сағат 34 минутта сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті