Қарағандыда шахта опырылып, 4 адам үйінді астында қалып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда шахта опырылып, 4 адам үйінді астында қалып қойды

Қарағандыда шахта опырылып, 4 адам үйінді астында қалып қойды

Қарағанды облысында «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты кеніште тағы апат болды! «Қазақстан» шахтасындағы забойлардың бірінде төбе жабындысы опырылып түсіп, кеншілер үйінді астында қалып қойған.

  • 8 Қараша 2012
  • 299
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдай таңғы сағат 4 жарымда болды. Забойдан шыға беріске 18 метр қалғанда төбе жабындысы опырылған. Үйінді астында тура сол сәтте жерасты жұмыстарын атқарып жатқан 4 жұмысшы қалып қойды. Аршу жұмыстары аяқталғанша оларға сығылған ауа жіберіліп тұрған. Кеншілер араға 7 сағат салып құтқарылды. Қазір зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауында. Ал апат себептерін арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр.


Виталий Михайлов, кенші:

— Біз ең алдымен өз күшімізбен үйінді астынан ауа кіретін саңылау жасадық. Одан кейін құтқарушылар жеткенше қайда екенімізді білдіріп белгі бердік. Құдай сақтап аман қалдық әйтеуір. 

Соңғы жаңалықтар