Қарағандыда «Шахтер» мен «Қайраттың» жанкүйерлері төбелесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда «Шахтер» мен «Қайраттың» жанкүйерлері төбелесті

Қарағандыда «Шахтер» мен «Қайраттың» жанкүйерлері төбелесті

Қарағандыда жастар жаппай жаға жыртысты. Қаланың қақ ортасындағы стадион алдында алматылық «Қайрат» пен жергілікті «Шахтер» футбол командасының жүзге тарта жанкүйерлері төбелескен.

  • 24 Қараша 2015
  • 123
Фото - Caravan.kz

Өткен-кеткен камераға түсірген айқас біразға созылғанымен, қоқыс тасталса үйірімен келетін полицияның төбесі көрінбейді. Жеңген жақтың жастары атой салып, есеңгіреген қарсыластарын тепкінің астына алған. Куәгерлердің айтуынша, Қайрат жанкүйерлері Астанадағы ойынға бара жатып Қарағандыға арнайы тақтаған екен. Өйткені, жергілікті команданы қолдайтындар мұның алдында олардың намысына тиетін сөздер айтыпты. Жаппай төбелес салдарынан 5 алматылық пен Қарағанды командасының 10 шақты жанкүйері ұсталып, бұзақылығы үшін жауапқа алынып жатыр.   

Соңғы жаңалықтар