Қарағандыда шетелдік инвесторлар кеңесінің 13-мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда шетелдік инвесторлар кеңесінің 13-мәжілісі  басталды

Қарағандыда шетелдік инвесторлар кеңесінің 13-мәжілісі басталды

Бүгін, 17-маусымда Қарағандыда ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 13- мәжілісі басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Маусым 2005
  • 438
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс «Орта Азия аймағының экономикалық дамуындағы Қазақстанның рөлі» тақырыбына арналған. Мәжіліске Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер қатысады.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің бұған дейінгі отырысы хаттамасының орындалуы туралы ҚР индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев есеп береді. Сонымен бірге басқа да ірі инвесторлар сөз сөйлейді деп күтілуде.
ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі 1998-жылы құрылған. Консультативтік және нұқсқаушы орган болып табылатын кеңестің мақсаты — Қазақстанда инвестицияға қолайлы жағдайлар жасау және инвестициялық ахуалды нығайту, Қазақстанның ғаламдық экономикаға кірігуіне түрткі болу.

Перейти к новостям спорта