Қарағандыда "Спутник V"-дың тағы 2 миллион дозасы шығарылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда "Спутник V"-дың тағы 2 миллион дозасы шығарылатын болды

Қарағандыда "Спутник V"-дың тағы 2 миллион дозасы шығарылатын болды

Қарағанды фармацевтикалық кешені тамыз-қыркүйек айларында қазақстандық нарыққа "Спутник V" вакцинасының 2 млн дозасын ұсынады.

  • 2 Тамыз 2021
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Кешен мен "СК-Фармация" арасында тиісті келісімге қол қойылды. Орындау мерзімі – 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айлары", – делінген хабарламада. 

Бұған дейін кешен Қазақстан азаматтарына арналған вакцинаның 5 миллион дозасын шығарған болатын.

"Спутник V" – коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік препарат. 


Ақпан айында Қазақстан "Спутник V" вакцинасын тіркеп, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығара бастады. 

Бұл вакцина тұрғындардың жалпы саны 3,5 миллиард адамнан асатын 67 елде мақұлданды.