Қарағандыда тағы бір шенеуніктің қолына кісен салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда тағы бір шенеуніктің қолына кісен салынды

Қарағандыда тағы бір шенеуніктің қолына кісен салынды

Қарағандыда тағы бір шенеуніктің қолына кісен салынды. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Темірғали Дүйсенбаев жылу құбырларын төсеуге бөлінген мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған.

  • 12 Қыркүйек 2015
  • 382
Фото - Caravan.kz

Топар елді мекеніндегі жылыжайларға «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жылу құбырларын тарту жұмыстары 2012 жылы басталған. 900 миллоион теңгеден астам қаражат игеріліп, құрылыс 2013 жылы аяқталған. Жұмыстардыы қаржылық бақылау басқармасы және мемлекеттік комиссия ың-шыңсыз қабылдап алған. Естеріңізге салсақ, дәл осы жылыжайларға қатысты бірқатар айып экс-премьер Серік Ахметовке де тағылып жатыр. Сотта Темірғали Дүйсенбаев жасының егделігін және денсаулығының нашарлығын жеткізді. Кепіл ретінде баспанасын қойып тергеу кезінде бостандықта болуын сұрағанымен, судья оны екі айға тергеу абақтысында қамау туралы шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар