Қаражаттың көбіне жұртқа қажетті заттар сатып алынған. Қалғанына үйлері қираған тұрғындардың уақытша баспана жалдауына бөлінбек. Жалпы Қарағанды облысына кешелі бері Атырау және Қостанай облыстарынан 170 тоннадан асатын гуманитарлық көмек жеткен. Ал Қарағанды облысының топан судан аман аудандарынан және Астанадан жөнелтілген 80 тоннаға жуық жүк көмекке мұқтаж жандарға үлестірілді. Алматыдан екі вагон жүк теміржолмен тікелей Қарқаралы ауданана кетті.
Марғұлан Сыздықов, «Қызыл жарты ай» қоғамы Қарағанды филиалының директоры:
—Жүкті үлестіру механизмі бар. Су шайған әр ауыл облыстағы комитет пен басқармаларға бекітіліп берген. Олар өздеріне бектіліген аумақтарда жүкті үлестіріп, ұйымдастыру жұмыстарына жауапты болады.