Жарияланды: 440

Қарағандыда техника жөндейтін Caterpillar орталығы құрылды

"Борусан Макина Қазақстан" ЖШС Қарағандыда техникаға арналған компоненттерді қалпына келтіретін орталық құрды.

"Бұл ТМД-дағы компоненттерді қалпына келтіру жөніндегі алғашқы орталық. Мұнда механикалық өңдеу, құрастыру, тестілеудің заманауи қондырғысы арқылы өндіріс желісінде компоненттер қалпына келтіріледі. Caterpillar қондырғыларының иелері қалпына келтірілген және ресурсы арттырылған компоненттер алу есебінен жаңа тораптар мен агрегаттар сатып алуға кететін шығынды біршама азайта алады", - делінген қазақстандық компания хабарламасында. Қазіргі кезде бұл жөндеу өндірісінің бірінші кезеңі аяқталды. Оған 14,5 млн $ жұмсалды, 2012 жылы орталықтың екінші және үшінші кезеңі іске қосылады. Жобаның жалпы құны 20 млн $ құрайды. "Борусан Макина Қазақстан" мәліметіне сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда Caterpillar техникасының шамамен 2 мың бірлігі пайдаланылады. "Борусан Макина Қазақстан" ЖШС Caterpillar-дың Қазақстан аумағындағы дилері. Ол Қазақстанның тау-кен, құрылыс, ауылшаруашылық, энергетикалық секторларына қондырғылар, қосалқы бөлшектер жеткізеді және сервистік қызмет көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть