Қарағандыда торт ішінен темекі шықты
|
Қарағанды тұрғыны дүкеннен сатып алған торт ішінен темекі тұқылын тауып алды. Алайда мән жайды білмекке сауда орнына барған оны сатушылар жылы қабақпен қарсы алмаған. Мұндай бассыздыққа шыдамаған ол құзырлы органдарға шағымданып, істің аяғына дейін баруға бел буп отыр.
Галина Кавальская көрші келіншекпен бірге шай ішпек боп, дүкеннен торт сатып алғанын айтады. Тәтті дәмді кесе бастағанда ішінен темекінің қалдығы тапқан. Мұндайды алғаш көрген ол салып ұрып дүкенге барса, ондағылар маңайлатпапты. Тортты жасайтын жерді анықтау үшін полиция шықыруға тура келді дейді ол. Кімнің өнімі екенін білгесін ашулы келіншек тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы мен СЭС –ке арыз жазған.
Галина Кавальская Қарағанды қаласының тұрғыны:
- СЭС-те маған шағын бизнеске рұқсатсыз тексере алмаймыз, бірақ арызыңызды қараймыз деп қалды. Бұл не деген салақтық. Ал сол торт ішінде шеге немесе басқа темір түсіп кетіп оны бала жесе не болады?
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін